Фото:riakalm.ru

Өткен демалыс күндері тараздықтарға арзан бағамен ауылшаруашылығы өнімдері ұсынылды. Жәрмеңкеге 10 аудан мен Тараз қаласынан түрлі тауар әкелініп, көпшілік қолжетімді бағада қажет өнімін сатып алды.

Бұл жолы тұрақтандыру қорымен он ауданнан жалпы құны 89,9 млн теңгені құрайтын 314  тонна өнім әкелінген. Оның ішінде, 20 тонна ет, 6 тонна шұжық, 8 тонна сүт өнімдері, 8 мың дана жұмыртқа, сондай-ақ өзге де тауарлар сатылымға шығарылды.

Мұратхан ШҮКЕЕВ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Жәрмеңкеде аймақтың тауар өндірушілеріне өз өнімдерін делдалсыз, тікелей тұтынушыларға сатуға мүмкіндік береді. Байзақ ауданынан келген   Умад Башатов   да солардың қатарында. Ол, көкөніс өнімдерін жұртшылыққа ұсынуды жөн көріпті.

 Умад БАШАТОВ САТУШЫ

Әсия ИСМАИЛОВА ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

Сондай-ақ, мұндағы тауарлар күнделікті базар бағасынан 20-30 пайызға дейін төмен сатылады дейді ұйымдастырушылар. Бұл қала тұрғындары үшін едәуір тиімді. Сондықтан, алдағы демалыс күндері де жәрмеңке жалғасады.

Аят Асқарбекұлы, Назима Дәрменқызы, Азат Байтемір                                        «77 NEWS»