Фото:zhambylnews

Қала әкімі Қайрат Досаев тұрғындардың  ұсыныс тілегін тыңдауды жалғастыруда. Бұл жолы қала басшысы Шалғай Қарасу аумағының халқымен кездесті. Басқосуда айтылған әңгімелер сарыны – келесі жылы бұл аумақта қарқынды құрылыстың көп екенін байқатты. Толығырақ тілшіміз тарқатсын.

Кездесуде көтерілген алғашқы мәселе – 600 орындық мектеп құрылысы. Бұл білім ордасын көтеру осы жылы басталады деп күтілген. Алайда, әлі жобалық-сметалық құжаттар дайындалу үстінде екен. Сонымен қатар, көшелерді жарықтандыру тақырыбын да тұрғындар тілге тиек етті. Бұл шаруа да келер жылдың еншісінде.

Қайрат ДОСАЕВ ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ

 Жиында балабақша жайы да қаралды.Айта кетейік , бүгінде  бұл салада жеке кәсіпкерлікке басымдық беріліп жатқаны мәлім. Тіпті, білім ордалары да қазір мемлекет есебінен шығып жатыр. Содықтан , Қайрат Досаев мүмкіндік болса бөбекжайларды жеке кәсіпкерлер есебінен көбейту қажеттілігін атап өтті. Сонымен қатар, кездесуде дәрігерлік амбулатория мәселесі де көтерілді. Бұл нысанның құрылыс  жұмыстары мен  есепте тұрған науқастарға тегін дәрі-дәрмек алу бағытын жүйелендіру жаңа жылдан бастау алатыны айқындалды.

Интершум, тұрғындар.

Шалғай Қарасулықтардың ортақ тағы бір тілектері бар.  Олар әкімге  «аумақтық округ болып бөлінсек» деген ниеттерін де білдірді. Алайда, ол статусқа халықтың саны жетпейтіні мәлім болды. Әрине бұл әлеуметке қатты әсерін тигізе қоймасы анық. Алайда  , аталған аумаққа залал келтіретін шиеленген түйіннің баршылық екені байқалды. Өйткені, кездесуде  тағы бір былықтың басы ашылды.

Интершум, тұрғындар.

Ал үнсіз қалған жауапты маман біздің арнаға да сұқбат беруден бас тартып, ат-тонын ала қашты. Сонымен қатар, тұрғындар жиында қоғамдық көлік, қоқыс, ауыз су тақырыптарын да қозғады. Қайрат Әскербекұлы  халықтың нақты ұсыныс тілектерін түртіп алып, «Барлық жұмыс жүйеленеді»,- деп  сабырлық етуге шақырды.  Артынша арнайы топ «Бәйтерек» мөлтек ауданына  тартып ондағы көпқабатты үйлердің жағдайы мен танысты. Өйткені , әлеуметтік желіден осы бойынша өтініш түскен екен. Тек бұл мөлтекауданның да қажеттіліктері алдағы уақыттың жоспарына енді.

Нұрлан Әбдікәрім, Азат Байтемір «77 ньюс»