Жамбыл облысында педофилияға қарсы күрес жұмыстары күшейеді. Енді  мектеп оқушыларының  қауіпсіздігі қатаң бақыланып, назарда болады. Толығырақ әріптесім тарқатсын.

Қандай да қылмыстық факті орын алған  жағдайда мектеп басшылығы  міндетті түрде жұмыстан босатылады Бұл Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовтің оқыс оқиғадан кейінгі шығарған ұйғарымы. Өз кезегінде, өңір басшысы қатаң сөгіс деген секілді жаза түрін қолданып, ары қарай жұмысын жалғастыра беру бірінші кезекте адамгершілікке жатпайтынын алға тартады. Ал  №6 мектепте оқыс оқиға орын алмас бұрын мекемеге 14 камера орнатылған. Бірақ сол сәтте  инспектор жұмыс орнында болмапты.   Қазір мектеп инспекторына қатысты іс жүргізіліп,  жұмыстан босату бойынша шешім қаралуда.

Арман ОРАЗАЛИЕВ/ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ

Айта кетейік, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес арнайы жұмыс тобы құрылды.  Бұл орайда қылмыстық істердің себеп-салдары,  инспекторлардың функционалдық міндеті қайта қаралмақ. Бұдан бөлек, ауылдар мен аудан орталықтарындағы мектептерді қоршау жұмыстары,  барлық мектептердегі  әжетханаларды  оңтайландыру жұмыстары қолға алынды. Өз кезегінде, облыстық Полиция департаментінің бастығы  барлық мектептер мен балабақшалар   100 пайыз бейнебақылау камераларымен қамтамасыз ету қажет деген ұсынысын жеткізді. Өйткені, қылмыстық деректерді ашуда және қылмыстың алдын алуда камералардың үлесі зор. Облыс әкімі бұл ұсынысты құп көріп, облыстың барлық мектептерін 100 пайыз камерамен қамтамасыз ету үшін бюджеттік жоспарлау басқармасына олардың шығынын есепке алып, бұл мәселені де толықтай шешуді тапсырды. Сондай-ақ,  Облыстың бас полицейі мектеп инспекторлары арасында  кадр тапшылығы барын атап өтті. Мәселен, өңірдегі білім ошақтарына 101 мектеп инспекторлары жетіспей отырған көрінеді.

Асқар МЫРЗАХМЕТОВ  / ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Сондай-ақ, құзырлы орган өкілдері үнемі облыстағы білім ұяларын бақылауға алмақ. Яғни, жол патрульдік  полициясы таңертен, түсте және кешкі уақыттарды облыстағы білім ұяларының аумағын қадағалайды.  Ал тапсырмалар мен оның орындалу барысы облыс әкімінің назарында болмақ.