Жылдағы дәстүр бойынша облыстың ең үздік студенттері марапатталды. Яғни, шаһарда студенттік бал өтіп,  түрлі салада жетістікке жеткен жастарға құрмет көрсетілді.  Толығырақ әріптесім тарқатсын.

Жамбылдық жастар үшін ерекше күн. Өйткені, бұл шарада оқу ордаларының студенттері өнерлерін паш етіп, бір-біріне әдемі көңіл күй сыйлайды. Ең бастысы — өңірдегі іргелі  оқу  орындарынан іріктелініп алынған 24 жұп осы кеште вальс билеу мәртебесіне ие болды.

Серікбол БЕРІКҚОЖА  /  ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР САЯСАТЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ

/…студенттерге арналған  салтанатты кеші  бүгін 8-ші рет өткізіліп отыр облысымызда.  Бұл белсенді, дарынды студенттерді, шығармашылық студенттерді  ынталандыру, олардың  атқарып жатқан студенттік өміріндегі  қоғамдық жұмыстағы белсенділігіне деген баға деп есептейміз.  Алдағы уақытта да өңіріміздегі жоғары оқу орындарының, орта арнаулы оқу орындарының  студенттерін қошеметтеп,  қолдау біздің басқарма тарапынан  тұрақты түрде жүзеге асатын болады…/

  Сондай-ақ  шарада студенттердің түрлі салада жеткен жетістіктері айтылып, зерделенді. Мерекелік кеште «Жыл студенті», «Үздік жастар ісі жөніндегі комитет жетекшісі», «Үздік ғалым» сынды бірнеше номинация бойынша жеңімпаздар марапатталды.

 Көркемжан ҚАНАТ   /   СТУДЕНТ

/…ТАРГпУ университетінің атынан шақырту алып, келіп қатысқалы отырмын. Яғни, «Жыл студенті» номинациясы бойынша өтінімді берген болатынмын. Бұл жерде түрлі номинациялар бойынша  жыл бойында үздік болған  студенттеріміз  өз өнерлерін көрсетіп,  бақтарын сынайтын болады.  Ең мықтылар анықталар деп ойлаймын…/

Мерекелік кештің соңы концерттік бағдарламаға ұласып, жастар көтеріңкі көңіл күйде тарқасты.

Аят Асқарбекұлы, Әсел Ишанбек, Абылай Зейнуллаев, «77news»