Ұлттық салт-дәстүр, ұлттық идеология, ұлттық тәрбие,бұлар ешқашан маңызын жоғалтпайтын мәңгілік дүниелер. Осы құндылықтарды дәріптеп, насихаттап жүрген ерліктің үлгісіне айналған батырдың келіні Зейнеп Ахметова бүгін жамбылдық оқушылармен жүздесті.

Бұл кездесу бұрынғы кездесулерден өзгерек. Әдетте салиқалы әңгімесін бойжеткендерге арнайтын Қаһарман батырдың келіні бүгінгі жиынын ер балаларға арнады. «Ерлік-елдің қасиеті,жүректілік жігіттің қасиеті» деп аталатын ұйымдастырылған  шара  қазақылық пен тәрбие жайында.

Зейнеп АХМЕТОВА — ЖАЗУШЫ          00022-00:49-01:18

/Атам марқұм мыеау бабалардың аманаты деп ұлттық құндылықтарды маған көп айтатын, ешқашан соғыс жайлы маған әңгіме айтқан емес. Есесеіне ұлттық құндылықтар туралы айта беретін-айта беретін. Сонда мен саған айтсам сен балаңа айтасың, ол өзінің баласына айтады. Сөйтіп бір шаңырақта қазақтың иісі, ұлттың иісі сақталалды деп сөйтетін. /

Зейнеп апаның зейінді әңгімелерізалда отырған әрбір балаға патриоттылылықты ұлықтаумен жалғасты. Дәстүр мен тарих жайлы тереңінен сөз қозғап, оны болашақпен байланыстырды. Жастардың бастыс пен шығысқа еліктеушілігі дұрыс қадам емес екендігін, сонымен қатар тек қазақи болмыста болу керектігі жайлы ойын ашық білдірді.