Фото:/mangystaumedia.kz

Аймақта кәсіпкерліктің көкжиегі кеңейіп келеді. Мемлекеттен көмек күтпей, кәсіптің көзін тапқандардың қатары күн санап артып келеді. Мәселен, Тұрар Рысқұлов ауданы тұрғындары ата кәсіпті көркейтуге мықтап кіріскен.

Мұратбек Биғазиев Көкдөнен ауылының тұрғыны. Біраз уақыттан бері ата кәсіп — мал шаруашылығын дамытуды қолға алған. Ұсақ, ірі малдың басын көбейтуді көздеген.  Нәтижесінде, қазір оның шаруа қожалығында 4000-ға жуық қой,  30 бас ірі қара бар.

Мұратбек БИҒАЗИЕВ ЖЕКЕ КӘСІПКЕР

Содан не істейміз деп ары ойланып бері ойланып,  сонымен жоғарғы жақта тұрған колхоздың есебінде тұрған бір базды жекешеге сатып алдық.  Оның басына там соғып сонымен шаруа қожалығымызды 2000 шы жылы 4 сәуірде бастап аштық.

Жеке кәсіпкер көктем шыға жер аударып жоңышқа егеді. Осылайша, мал азығын даярлайды. Бұдан бөлек, бір жылда 1000 басқа дейін қой бордақылап,  етін нарыққа шығарады. Кәсібінің көкжиегін кеңейтіп келе жатқан Мұратбек ауылдастарына да жұмыспен қамтыған. Қарамағында 10 адам бар.

 Мұратбек БИҒАЗИЕВ ЖЕКЕ КӘСІПКЕР

 Алып шаһарда ғана емес, ауылда да табыс табуға болады. Жеке кәсіпкердің пікірі бұл. Бастысы ерінбей еңбек етіп, кәсіптің көзін табу дейді кейіпкеріміз.

С. Аралбек, Ш.Кеңесхан