Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен 2019 жылдың 26 желтоқсан күні мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың туғанына 125 жыл толуына орай Мэлс Өзбеков атындағы мәдениет үйінде аудандық ғылыми-практикалық конференция өткізілді.

Конференцияны аудан әкімі Е.С.Садырқұлов жүргізді. Конфренцияға Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқарма басшысының орынбасары М.С.Досымбекова, М.Дулати атындағы ТАрМу-нің «Қазақстан тарихы» кафедрасы меңгерушісі, доцент, тарих ғылымдары кандитаты Серікбаев Е.К, Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті жанындағы «Шерхантану» орталығы директоры Тамабаева Қ.Ө, дәрігер-хирург, медицина саласы профессоры, ҚР Журналистер одағы мүшесі Ордабеков С.О шақырылып, Тұрар Рысқұловтың өмір жолы мен қызметі туралы жан-жақты тағылымы мол баяндамалар оқылды.

Сонымен қатар, аудандық мәслихат хатшысы, Қазақстан Журналистер одағы мүшесі Т.Жаманбаев «Тұрар-мәңгілік тұлға» атты баяндаманы оқыды. Аудандық ғылыми-практикалық конференция мерекелік концерттік бағдарламасымен жалғасты.