Фото:zhambylnews.kz

Өңір орталығында террористік тұрғыдан осал нысандарға қойылатын талаптар бойынша жиын өтті. Бас қосуда жаңа өзгерістер бойынша адам көп жиналатын сауда орталығы, дәмхана немесе мейрамхана тәрізді нысандар террористік тұрғыдан осал объектілердің қатарына енгізілгендігі айтылды.  Яғни олардың иелері  террористік әрекеттің алдын-алу мақсатында бірқатар талаптарды сақтауы керек. Мәселен, міндетті түрде бейнебақылау камералары орнатылып, негізгі және қосымша шығатын есіктер болуы қажет.

өткен жылдың  желтоқсан айында қабылданған қаулыға сәйкес террористік әрекеттер орын алу қауіпі бар орындардың тізімі белгілі болды. Енді  200-ден 1000 адамға дейін келетін концерт залдары, 100 орыннан 500 орынға дейінгі тамақтану орындары мен осынша адамды сыйдыра алатын  спорт нысандары да  террористік жағынан осал обьектілер тізіміне енді. Сондай-ақ 500-ден 2000 шаршы метрге дейінгі сауда орындары да осы қатарда. Сондықтан олардың қауіпсіздігі қатаң бақылауда болуы тиіс.

Батырбек АТАМҚҰЛОВ / ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТТІ ҮЙЛЕСТІРУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Ондай жерлерге стадиондар, мешіттер синагогалар мен түнгі клубтарды, адам толы көшелер мен әуежайларды, метро мен темір жолды, құқық қорау органдары мен әскери бөлімдері айтуға болады. Әдетте әскери бөлімдерге, аңшылық дүкендеріне қару-жараққа ие болу мақсатында шабуылдайды. Бірқ ондағы күзет жоғары деңгейде болғандықтан адам көп жиналатын өзге нысандарға назар аударады.

Басты талаптың бірі — міндетті түрде телевизиялық бейнебақылау жүйесімен жабдықталып, жазба 30 тәулік сақталуы керек. Бейнебақылау камерасына нысан орналасқан аумақ, тексеру-өткізу бекеттері, негізгі және қосымша есіктер, адам көп жиналатын бөлмелер түсірілуі керек. Ал камералардың түнде түсіру сапасы нашар болса, қараңғы уақытта көрінетін инфрақызыл жарықтандыру жұмыс істеуі керек. Мұндай алдын-алу шаралары оқыс оқиғалар кезде құрбандар санының азаюына, апатты болдырмауға ықпал етеді дейді мамандар. Бұл шаралардан бөлек сауда орындарының әкімдігі жарылғыш заттар табылған кездегі, анонимдік ақпарат түскен кездегі қауіпсіздік шараларын білуі қажет. Жоғарыдағы талаптарды орындамаған жағдайда әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.