Жаңа жыл қарсаңында аудан тұрғындары үш Азаматқа, 3 ұлға толығып, Ақниет ауылдық округінің Д.Қонаев ауылында Құрманалиевтер отбасында ҮШЕМ дүниеге келді.

Әулеттің тірегі, ҮШЕМ-нің атасы Дәулет Құрманалиев немерелеріне қазақы дәстүрмен Аман, Есен, Жүрсін деп ат қойып, отбасы қуанышқа кенелді. Жас отбасы Дидар Дәулетұлы мен Қымбат Бақытқызы Диляра және Дария атты қыздардың ата-анасы болса,2020 жылы Алланың қалауымен көпбалалы отбасы атанды. Құрманалиевтер отбасын қуанышымен құттықтауға аудан әкімі Е.Садырқұлов арнайы барып, сыйлықтарын тапсырды. Тәуелсіз елдің ертеңгі болашағы болар сәбилер алаңсыз ержетіп, айтулы азамат болуына тілектестік білдірді.