Әлиxан Бөкейxанов атындағы орта мектепте 2002 жылдан бері Тобықов Мәулен Төлебайұлының жетекшілігімен құрылған «Жас Талант» театры жас өнерпаздарының «Театр-өмір бейнесі» атты 15 жылдық шығармашылық есебі өткізілді.

Шығармашылық есепте Әбіш Кекілбаевтың «Күй» шығармасынан, Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе» романынан, Сәкен Жүнісовтың «Жаралы гүлдер» пьесасынан, жазушы-драматург Роза Мұқанованың «Мәңгілік бала бейнесі» пьесасынан, қазақ әдебиетіндегі ұлы суреткер Әбіш Кекілбаевтың «Шыңырау» повесінен және тағы басқа үзінділер қойылды. Рольдерде осы театр мүшелері өздерінің өнерімен жиналған халықтың көңілінен шықты.

«Жас талант» театрынан осы уақытқа дейін 218 түлек шыққан болса, қазір 63 мүшесі бар. «Жас талант» театры 9 халықаралық, 12 республикалық, 17 облыстық додалардың жеңімпазы болып табылады. 15 жылдық шығармашылық есебінде аудан, облыс, республикамыздың намысын қорғап, өнерлерімен тәнті етіп жүрген «Жас талант» театр ұжымын және театр жетекшісі, ұстаз — Тобықов Мәулен Төлебайұлын аудан әкімдігінің білім бөлімі тарапынан құттықтау және марапаттау рәсімі өткізілді.