Фото: 77TV

Тараз. 77news — Таразда  «Аntikor» сервистік орталығы ашылды, — деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

«Аntikor» атты сервистік орталығы — ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының Жолдауында  айтылған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын орындау мақсатында жүзеге асырылып жатқан нысанның бірі. Бұл орталық халықтың ашық алаңына айналып қана қоймай, еліміздің бәсекеге қабілетті елдер қатарына қосылу бағытында үлкен үлесін қосады деп күтілуде.

Айта кету керек, бұл орталық Қазақстан бойынша 12 – ші ашылып отырған нысан. «ANTICOR ORTALYGY»-ның лентасын қию құрметі Жамбыл облысының әкімі Асқар Исабекұлы Мырзахметовке және Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл Агенттігі Төрағасының орынбасары Нұрлан Амангелдіұлы Шабдарға берілді.

Орталықта Департаменттің Превенция басқармасының 1 маманы. процессуалдық офицер ашық форматта күнделікті жұмыс атқарады, сонымен қатар,   «Жамбыл адалдық алаңы» жобалық кеңсесі , арнайы мониторинг топ және үгіт – насихат штабы мүшелеріне жұмыс орны қарастырылған.