Фото: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Тараз. 77news — Таразда 16 отбасы баспаналы болды. Бұл жолы  көпбалалы аналар, балалар үйінің тәрбиеленушілері мен мүмкіндігі шектеулі жандар өз пәтерлеріне қол жеткізді, — деп хабарлайды 77news AA тілшісі.

Әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы аналар, балалар үйінің тәрбиеленушілері мен мүгедек жандардың отбасында қуанышты күн. Тараз қаласының әкімінің орынбасары Кенжебек Олжабай бүгін баспаналы болған отбасыларды құттықтап, пәтер кілтін табыстады. Құрылысты  «Таразстрой» компаниясы жүргізген. Бүгінде жарық, жылумен толықтай қамтамасыз етілген.

Фото: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Баспаналы болған 16 отбасының қуанышында шек жоқ. 2008, 2007 жылдан бері үй кезегінде тұрған  жандар қуанышын жасыра алмады. Бірі 12 жыл, енді бірі 18 жыл күтіп, аңсаған армандарына жетіп отыр.

Фото: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

«Бақытты отбасы», «Нұрлы жер» бағдарламалар аясында былтырғы жылы 160 үйдің кілті табысталып, 1300-ге жуық жанұя баспаналы болды. 19 үйдің құрылыстары жүргізіліп, 2020 жылы пайдалануға беріледі деп күтуде. Көпбалалы аналарды үймен қамтамасыз ету мақсатында 8 жатақхананың екеуі бүгінде  табысталып, қалған төртеуі жыл соңынан дейін табысталады деп жоспарлануда.