Фото: 77TV

Тараз. 77news — Таразда «Таза сессия» акциясы Тараз теміржол колледжінде өтті, — деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Биылғы жылдан бастап «Таза сессия» акциясы екі кезеңмен өтуде. Бірінші кезеңі  емтиханды бақылаушы ретінде өтсе, екіншісінде студенттерге жабық түрде анонимді сұрақтар қойылады. Бақылаушы ретінде волонтерлер мен Облыстық Сыбайлас Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері тартылған. Атап айтсақ,  Тараз мемлекеттік университеті, Тараз педагогикалық университеті мен «Болашақ» колледжінен 37 студент атсалысуда.

Біршама жоғарғы оқу орындарында өткен  «Таза сессия»  барысында,  пәрменді жұмыстар атқарылуда. Оған дәлел,  былтырғы көрсеткіштегі  78 % үздік бағаланған студенттертердің  саны 48 %-ға жеткен.  Демек, саннан сапаға көшетін бұл әдіспен білім ұялары сапалы, білімді студенттерді  дайындап шығаратын болады. Айта кетейік, акция қаңтар айының соңынан дейін жалғасады.