Т.Рысқұлов ауданының әкімі Ерболат Садырқұлов аймаққа қарасты барлық ауыл-аймақты аралап, халық алдында есеп беруде, — деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігі.

Т.Рысқұлов ауданы әкімі Ерболат Салқынбекұлы Садырқұловтың ауданда 2019 жылы атқарылған жұмыстар туралы халық алдындағы есебі Ақбұлақ ауылдық округіне қарасты Рахым Сәбденов, Бәйтелі, Қызылшаруа ауылы тұрғындарымен кездесумен жалғасты.

Бұл жиында алдымен ауылдық округ әкімі Атабаев Самат Шорабекұлы халық алдында өз есебін берді. Аудан әкімі Е.Садырқұлов аудан деңгейінде атқарылған ауқымды шаралардың жоғары нәтижелермен танылған, облыста барлық көрсеткіштер бойынша алдыңғы орындарды енгендігін жеткізді. Аудан көлемінде өткен жылы атқарылған жұмыстар, халық игілігі үшін жасалған шараларға терең талдау жасады. Ауыл тұрғындары тарапынан мал жайылым жерлері туралы сұрақтарға жауап беріліп, түрлі мәселелер бойынша оңтайлы шешімдер айтылды.

***

Аудан әкімі Ерболат Салқынбекұлы Садырқұловтың 2019 жылы ауданда атқарылған жұмыстары туралы кезекті халық алдында есеп беруі Луговой ауылында жалғасын тауып, Луговой ауылдық округі әкімі М.Свановпен бірлескен есеп беруімен аяқталды. Есепті жиын алдында ауылдық округ әкімі Сванов Мұратбек Айтымбетұлы өткен жылы ауылда атқарылған жұмыстар мен ағымдағы жылғы жоспарларымен бөлісіп, есеп берді.
Өз баяндамасында Сванов Мұратбек Айтимбетұлы 2019 жылы ауыл бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті. Атап айтқанда ауыл бойынша абаттандыру, көріктендіру жұмыстары бойынша іс-шаралардың орындалуы туралы, орта және шағын бизнестің дамуы, кедейшілік пен жұмыссыздыққа қарсы күрес, әлеуметтік, білім беру, денсаулық сақтау салалары, құқықтық қорғау, қоғамдық тәртіптің сақталуы, жастар саласы, салық төлемдері, жаңа ауыз су жүйесі туралы мәлімет берді. 2020 жылға жоспарланған жұмыстар мен атқаруды қажет ететін шараларды да атап өтті.

Т.Рысқұлов ауданының әкімі Ерболат Салқынбекұлы Садырқұлов 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму және аудан көлемінде атқарылған жұмыстар туралы баяндап өтті. Сонымен қатар, тозығы жеткен көше жолдары мен түнгі жарық шамдарын орнату және «Қарасу» арығының арнасын тазалау, Вокзал перронында орналасқан Тұрар Рысқұлов ескерткішіне жөндеу, Вокзал алды алаңын абаттандыру жұмыстары туралы атап өтті. Ауыл тұрғындары аудан әкімі Е.Садырқұловтың өткен жылы атқарған жұмысына зор баға беріп, 2020 жылдың атқарылатын жұмыстарына сәттілік тіледі.

***

Аудан әкімі Е.С.Садырқұлов Қайыңды ауылдық округіне қарасты Қайыңды, Мамайқайыңды, Сөгеті ауылдарының тұрғындарына Қайыңды ауылдық округі әкімімен 2019 жылы атқарылған жұмыстары бойынша есеп берді. Жиын барысында ауылдық округ әкімі А.Асанбай өткен жылы ауылдық округте атқарылған жұмысына есеп беруімен басталды. Аудан әкімі Ерболат Салқынбекұлы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша өткен жылы атқарылған жұмыстарға талдау жасап,ағымдағы жылғы мақсат-міндет,жоспарларымен таныстырды.Ауыл тұрғындары Сөгеті ауылындағы ауыз су мәселесі, жайылымдық жер беру, Кайыңды ауылындағы Дәулет, Тойшыбек, Мәмет көшелеріне асфальт жол салу, медпунктке жаңа трансформатор орнату мәселелері бойынша сұрақтар қойып, сала мамандары тарапынан тиісті жауаптар берілді. Аудан әкімі ауыл тұрғындарынан келіп түскен сұрақтар бойынша жұмыстарды орындауды хаттамалық тапсырмаға енгізуді тапсырды. Сонымен қатар аудан әкімі сұрақтарға жауап беріп,оң шешімін табу үшін сала басшыларына нақты тапсырмалар берді. Ауыл тұрғындары аудан әкімі есебіне оң бағасын беріп, ризашылықтарын білдірді.

***

Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің жұмыс кестесіне сәйкес аудан әкімі Е.С.Садырқұлов пен Тереңөзек ауылдық округі әкімі М.Мұсаев Тереңөзек, Көкарык, Шолаққайыңды ауыл тұрғындарына есеп берумен жалғасын тапты. Жиын барысында Тереңөзек ауылдық округ әкімі М.Мусаев атқарылған жұмысына есеп беріп, аудан әкімі Е.Садырқұловтың ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша өткен жылы атқарылған жұмыстарына есебі мен алдағы жылға қойылған жоспарлары таныстырылды. Ауыл тұрғындары тарапынан қойылған Шолаққайыңды ауылына газ тарту, мемлекеттік әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы толық түсіндіре жұмыстарын жүргізу, балабақшаға тасымал ұйымдастыру туралы қойылған сауалдарына сала мамандары тұшымды жауап қайтарып, хаттамалық тапсырмаларға енгізілді.

***

Т.Рысқұлов ауданы әкімі Е.Садырқұлов пен Өрнек ауылдық округі әкімінің бірлескен аудандағы 2019 жылы атқарылған жұмыстарына есеп беру жиналысы Өрнек, Жарлысу, Сәлімбай,Әбжапар ауыл тұрғындарымен өткізілді. Жиында Өрнек ауылдық округі әкімі Б. Ақүрпеков 2019 жылы атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады . Аудан әкімі Е.Садырқұлов аудан көлемінде атқарылған жұмыстарға тоқталып, ағымдағы жылға қойылған жоспарлармен таныстырып, биыл Жарлысу ауылы мен Әбжапар ауылының ауыз су құрылысы жүргізілетіндігін айтып өтті. Жиын барысында Өрнек ауылының тұрғыны Б.Байкеев жаңа ашылған медициналық амбулаториялық пунктке газ кіргізу мен жолына асфальт төсеу туралы ұсыныстарын білдірсе , Жарлысу ауылының тұрғыны А.Жапарқұлов Талды өзенінің шлюзін орнатып қалпына келтіру туралы ұсыныстарын білдірді. Әр қойылған сұрақтарға аудан әкімі тұщымды жауаптар беріп, мәселелердің оң шешімін табуға сала мамандарына тапсырмалар берді