Фото: 77ТВ

Тараз. 77news — Өңірімізде  қалыптасып отырған  қоғамдық-саяси жағдайға байланысты ақпараттық топ құрылған еді. Оған зиялы қауым өкілдері  мүше болып, халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.  Ал бүгін ақпараттық топ жұмысын қортындылап, қала тұрғындарына  баяндама жасады. 

Фото: 77ТВ

Облыс көлемінде 10 жұмысшы тобы құрылса, оның төртеуі  Тараз қаласында жасақталған.Осы уақытқа дейін аталған топтың өкілдері  қаладағы білім беру мекемелерінде,  өнеркәсіп  орындарында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Айта кетейік,  ақпараттық топ- халықты ауызбіршілікке шақырып,бейбітшілік пен келесімді сақтау мақсатында құрылған. Әрі  топ мүшелері  халық үніне құлақ асып, мәселелерін тыңдауға көңіл бөледі. Мәселен, жиында облыстық  «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Балабек Нарбаев бірнеше кездесу өткізгенін атап өтіп,  тұрғындарды бала тәрбиесіне көңіл бөлуге шақырды. Сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясы халықпен бірге екенін жеткізді. Ал, Тараз қалалық мәслихатының хатшысы Батырбек Құлеекев мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту бағытында сөз сөйледі. Ол — қазақ тілін құрметтеу әрбір азаматтың міндеті екенін тілге тиек етті.