Фото: Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Тараз. 77news  —  Тараз қаласында коронавирус індетінің алдын алу мақсатында бірқатар шаралар қолға алынуда. Бұл туралы бүгін онлайн брифингте шаһар басшысының орынбасары Кенжебек Олжабай хабарлады.

Кенжебек Мамашбайұлының хабарлауынша, қалада 13 мобильдік топ құрылған. Топ мүшелері төтенше жағдайға байланысты бірқатар нысандарды аралап, зерделеу жұмыстарын жүргізуде. Осы уақытқа дейін 589 нысан зерделеніп, басшыларына түсіндірме жұмыстары жүргізілген көрінеді. Қала әкімі орынбасарының мәлімдеуінше, мейрамханалар, кафелерде жаппай отбасылық салтанаттар  өткізуге өткізуге тыйым салынады. Олар 22:00-ге дейін жұмыс істеуі тиіс. Әрі келушілер саны 50 адамнан аспауы міндетті. Алайда, бұл талаптарға  бағынбаған мейрамхана мен кафелер баршылық. Оларға  әкімшілік шаралар қолданылады. Бүгінгі таңда «Золотая рыбка», «Эсперанзе» кафелеріне айыппұл салыныпты.