Фото: Жамбыл облысының әкімдігі

Тараз. 77 news — Елімізде күн санап күшейіп келе жатқан кеселмен күрес күшейтілуде. Енді індеттің алдын алып, қоғамдық орындарды дезинфекциялауға әскери қызметшілер де кірісті. Атап айтқанда, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының  28 903 әскери бөлімі арнайы жасақталған топтарға қол ұшын созуда.

Фото: Жамбыл облысының әкімдігі

Тараз гарнизонының екі жүз елуден астам әскери қызметшісі күн сайын санитарлық жұмыстарды жүргізуде. Бұған дейін әскери қызметшілер санитарлық өңдеуден бірнеше ірі сауда орындары мен базарларды, Теміржол бекеті, әуежай, автобекет және қаланың басқа да адам көп жиналатын орындар да дезинфекциялық жұмыстарды атқарған. Қазіргі таңда 100 адаммен 5 техника күнделікті 4 сағат халық үшін қызмет етуде. Дизинфекциялауға арналған барлық химиялық заттар әскери бөлімнің өз есебінен алынды дейді жауаптылар.

Фото: Жамбыл облысының әкімдігі

Коронавирус біздің елге келмей жатып арнайы топтардың жасақталғаны баршаға мәлім. Олар бүгінгі күнге дейін автобус аялдамаларын, қала көшелерін дизинфекциялаудан өткізді. Енді олар мөлтекаудандардың аулаларын залалсыздандыруға кіріскен. Атқарылар жұмыс аясында 5 бөлімнен 31 адам 3 бірлік залалсыздандыруға арналған суйықтығы бар техника жұмылдырылған.