Фото: Талас ауданы әкімдігі

Тараз. 77news  — Жамбыл облысында бастау алған пилоттық жоба табысты жүзеге асуда. Әсіресе, жобаға енген Талас ауданының тұрғындары несие алып, тұрмысын түзеуге мықтап кіріскен. Мәселен, ауданға қарасты Үшарал ауылының тұрғыны Шалқар Абдулла жеңілдетілген несие алып, наубайхана ашқан.

Фото: Талас ауданы әкімдігі

Жас кәсіпкердің наубайханасында күніне 150-200 бөлке нан шығарылады. Ісін енді бастаған азамат алдағы уақытта басқа да нан өнімдерін шығаруды жоспарлап отыр. Осы арқылы ас атасымен  ауыл халықын қамтып, табысқа  кенелуді мақсат етіп отыр. Шалқар Абдулла жоба өте тиімді, әсіресе ауыл жастарына мол мүмкіндік дейді.  Өз кезегінде, жоба қатысушы қолдау көрсеткен азаматтарға алғысын білдіреді.

Фото: Талас ауданы әкімдігі

Фото: Талас ауданы әкімдігі