фото: Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Тараз. 77 news — Бүгін Жамбыл облысы әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасының басшысы — Жұманқұлов Марат Сейітбекұлы мен Жамбыл облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсізідігін бақылау департаментінің басшысы- Жарқынбеков Берік Құзарұлының қатысуыларымен ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ 2020 ЖЫЛДЫҢ 27 НАУРЫЗЫНДАҒЫ КОРОНАРИРУС ИНФЕКЦИЯСЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ ТУРАЛЫ онлайн баспасөз конференциясы өтті.

Спикерлердің айтуынша, Жамбыл облысының аумағында 2020 жылдың 27 наурызындағы жағдай бойынша жаңа коронавирусты инфекцияның 3 жағдайы тіркелді.
Жас құрамы бойынша 29 жаста, 46 жаста және 24 жаста.
Коронавирустық инфекцияның алғашқы жағдайы Шу ауданында тіркелген, қалған 2 жағдай Қордай ауданында. Барлық 3 жағдай Қырғызстаннан әкелінген.
ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 22 наурыздағы №26 Қаулысына сәйкес дер кезінде жұқтырғандардың барлығы бір тәулікке карантиндік стационарға зертханалық зерттеу жүргізумен оқшауланған.
Оң зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша жұқтырғандардың барлығы инфекциялық стационарға стационарлық емдеуге тасымалданды.
Жұқтырғандардың жағдайы қанағаттанарлық. Барлық қажетті эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізілуде, барлық байланыста болған адамдар анықталды. Байланыста болған адамдарды оқшаулау және зертханалық зерттеу жұмыстары жүргізілді. Мекен-жайы және орналасқан жері бойынша ошақтарда дезинфекциялық өңдеу жүргізілді.
Коронавирустық инфекцияның алдын алу мақсатында ұсынылады:
— Қол гигиенасын сақтау-бұл тұмау мен коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алудың маңызды шарасы. Сабынмен жуу вирустарды жояды. Егер қолыңызды сабынмен жууға мүмкіндік болмаса, құрамында спирті бар немесе дезинфекциялаушы майлықтарды қолданыңыз.
— Үстелдердің, есік тұтқаларының, орындықтардың, гаджеттердің және т. б. беттерін үнемі дезинфекциялау қажет.
— Қолмен көзді, мұрынды немесе ауызды ұстаудан аулақ болыңыз. Тұмау вирусы және коронавирус осы жолдармен таралады.
— Маска киіңіз.
— Жөтел, түшкіргенде ауыз бен мұрынды бір рет қолданылатын майлықтармен жабу керек, оны қолданғаннан кейін тастау керек.
— Артық сапардан және адам көп жерлерге барудан аулақ болу, ауру қаупін азайтуға болады.
Денсаулық жағдайыңыз нашарлаған жағдайда жедел жәрдем шақыру қажет!
Өзіңді сақтап, сау болыңыз! Бізге сіздің денсаулығыңызды сақтау маңызды!

фото: Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі