Фото:Деловой Казахстан

Қоғамдық орындарда қалта ұрлығы көбейіп барады. Тәртіп сақшылары халық көп шоғырланған жерлерде күні бойы күзетсе де, қалтаны қағатындардың алдын алалмай отыр. Мәләметтерге сүйенсек, бүгінгі күні қалта ұрлығы қалада көп орын алатын қылмыс түрі болып саналады.  Ұрлық жасап дәніккен ұрлықшыларға қандай тосқауыл қоюға болады? Олардан қалай сақтанған жөн?

10 айдың ішінде 1800 қылмыс. Бұл жыл басынан бері өңірде тәртіп сақшылары құрықтаған қалта ұрлығының дерегі. Айтуларынша, соңғы кездері жұрт ішінде жымқыратындардың саны шамадан тыс көбейіпті. Алаяқтардың дені қоғамдық көліктерді, үлкен сауда орындарын паналайтын көрінеді. Мәселен, былай:  қарақшылар  автобусқа кіреді. Сізге сыпайы түрде жол беру арқылы ым-ишарасыз қалтаңызға қолын салады.  Түбі белгілі. Ал, бұл дәлелденген тәжірибе дейді полиция қызметкерлері.

«Мен үшін ең бастысы — жолаушылар қауіпсіз және зиян шекпегені. Бұл тірлік біздің жеп отырған нанымыз.Оларды көрсем дереу қуып шығамын.  Көбіне олар мүгедек болып көрінеді, ал біз қарақшылардың  бірден байқаймыз», — дейді бір автобус жүргізушісі. Ал екінші бірінің сөзінше, ұрлықшыны байқар болса, бірден автобустан шығарып тастауға тырысады. 

 Қарақшыларды жұрт қазір жиі байқайды. Сол себепті бүгінде олардың өзіндік әдістері жоқ емес. Тіпті қосарланып жымқыру дегенде пайда болған. Тиісінше, белгісіз біреу сізден келіп мекен-жайды сұрайды. Бұл сәтте екінші ұры мүмкіндігінше барыңызды қолды қылуға тырысады. Ал, жиі қолды болатын мүліктің көш басында – ұялы телефондар тұр.

Жауапты мекеменің сөзінше, алаяқтар кесірі көп кәсібін жылдап шыңдайтын көрінеді. Ал, заңды белшесінен басып, әлдеубіреудің мүлкін жиі қолды қылатындар өзге қалалардан келеді дейді полиция қызметкерлері. Сол себепті  құнды затты көзден таса қалдыруға болмайды деп дабыл қағады. Ал, мұндай жағдайда қарақшыны құрықтау қиынның қиыны.

Арам пайданы көздейтін ұры-қарылар қазір көбінесе ұялы телефонды ұрлауға тырысады. Сол себепті, байланыс құралыңызға ие болғаныңыз жөн. Ал, күдік туған жағдайда керісінше, қарақшыны өзіңізге қаратып, мүмкін болған жағдайда тәртіп сақшыларына хабар беріңіз. Бұл тиімді әдіс дейді полиция қызметкерлері.

Нұрлан АСҚАР