Тараз.77news — Ауыл шаруашылығында тың жаңалықтар орын алуда. Енді адал еңбек ақталып, артық шығын мен төккен тер зая кетпейді. Оның сыры – еңбекті еселейтін «ғажайып техникада». Меркі ауданындағы «Сыпатай батыр» ЖШС – не жаңа серпіліс сыйлаған техниканың  артықшылығы неде?

фото: 77TV

Меркі ауданындағы «Сыпатай батыр» серіктестігінің директоры Қанат Шайхиевтің айтуынша , арнайы тұқым шаруашылығы болып есептелетін серіктестік күздің, көктемнің ең қолайлы кезінде 2000 гектар жерге супер элита, элита тұқымды арпа, бидай егіп қойған. Оның 1500 гектары бидай, 500 гектары күзде, көктемде егілген арпа.

фото: 77TV
фото: 77TV

Меркі – Андас жолының солтүстік жағында орналасқан 200 гектардай  күздік бидай тобықтан асып, желмен тербеле көз қариды. «Ғажайып техника» күздік бидайдың  бір түбіне де зиян келтірмейді. «Ежик» деп аталатын отыз айналмалы тісі бар. Ол жерге  5-6 сантиметр кіріп, айналып шығар кезде, топырақты  мақтадай қопсытып кетеді , — дейді сала мамандары. Иә, бір ғана техника біраз ауыртпалықты көтеріп, дархан далада жүйткіп жүр. Ауыл шаруашылығындағы бұл жаңашылдық ел экономикасына  айтарлықтай серпіліс әкелері сөзсіз.

Фарида Сейілханқызы, «77news»