фото: 77news

Тараз. 77news — Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасына сәйкес, Шу ауданы аумағында мемлекеттік бағдарламалардың толық жүзеге асуын қадағалайтын қоғамдық топ бақылау жүргізуде. Олардың құрамында «Nur Otan» партиясы Шу аудандық филиалының мүшелері мен қоғамдық кеңес өкілдері бар.

Бүгінде жауаптылар аудан бойынша жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарын аралап, олардың сапасы мен қаржының дұрыс игерілуін бақылауға алған. Құрылыс жұмыстары барысында  бірқатар ерекшеліктер де  бар екен. Мәселен, жұмысшылар мен құрылыс материалдары жергілікті жерден болуы шарт. Бастысы, санитарлық сақтық шараларын ескеріп, талаптарды күшейту бойынша тапсырмалар берілді. Сондай-ақ, комиссия мүшелері биылғы жылға аяқталуы жоспарланып отырған құрылыс жұмыстарына ескертпелер жасап, қатаң қадағаланатынын айтты. Ескерту алған жобалар қатарында: Төле би ауылындағы спорт-сауықтандыру кешені құрылысы,Бірлікүстем ауылындағы 300 орындық оқушыға арналған Домалақ ана орта мектебінің құрылысы және Алға ауылындағы 300 орындық оқушыға арналған Амангелді орта мектебі бар. Аталған нысандардың барлығы ағымдағы жылы аяқталуға соғылып бітуі тиіс. Бақылау тобы өкілдерінің айтуынша, жұмыс  жақсы қарқын алуда, тек аздаған кемшіліктер бар көрінеді.

фото: 77news

Айта кету керек, топ мүшелері тек салынып жатқан құрылыс нысандарын ғана емес, олардың сапасы мен қаржының дұрыс игерілуін де бақылауда ұстайды.

Фарида Сейілханқызы, «77news»