фото: 77news

Тараз. 77news — Бүгін облыстық  жастар саясаты мәселелері басқармасы «Біздің аула» жобасы аясында 9 мөлтек ауданыдағы тұрғын үйлердің ауласындағы ойын алаңшаларын ретке келтірді. Нәтижесінде 2 ойын алаңы жаңаша кейіпке еніп, балаларға қайта қолданысқа берілді. 

фото: 77news

Бұл игі бастамаға Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің «Ізгілік елшісі» еріктілер клубы да атсалысты. Шараға аталған колледждің бітіруші түлектері, оның ішінде дәнекерлеуші, электр маманы және басқа да кәсіптік мамандықта оқитын студеттер мен оқытушылар волонтер ретінде қатысып, тазалық жұмыстарын жүргізді.

фото: 77news

Қолдарына бояу алып, әткеншектер мен ойын құрылғыларын сырлап шыққан еріктілерге шағын ауданның тұрғындары алғыстарын жаудырды. Ендігі кезде қайта ретке келтірілген ауланы тұрғындар таза ұстаса екен,-дейді мамандар.

Айта кетейік, еріктілердің қатысуымен жыл соңына дейін қаладағы барлық тұрғын үйлердің алаңшаларына жөндеу жұмыстарын жүргізу шаһарда енгізілген шектеу шараларына байланысты тоқтап қалған еді. Енді бұл жұмыстар қайта жанданатын болады.

Ұлдана Жұбай, «77news»