фото: жеке дерек көзінен

Тараз. 77news — Қазақстан Ұлттық банкі Нұр-Сұлтан қаласына көшірілді.

«ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтің 2020 жылғы 10 сәуірдегі №304 Жарлығына сәйкес, Қазақстан Ұлттық банкі 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін астанаға көшірілді. Ұлттық банктің жаңа мекенжайы — Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 57 А», — деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметінен. Мемлекет басшысының тапсырмасымен, Қазақстанның қаржы орталығы – Алматы қаласындағы Әйтеке би, 67 мекенжайында Ұлттық банктің тұрақты өкілдігі ашылды. Оның басшысы — Ұлттық банк төрағасының орынбасары Дина Ғалиева. Өкілдік ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы, қаржы нарығының субъектілері және халықаралық қаржы институттарымен тығыз өзара әрекеттестікті жалғастырады.