Фото: Kaz.365info.kz

Тараз. 11 желтоқсан. 77news — Жамбыл облысында ауа райының күрт өзгеруіне байланысты көлік қозғалысы шектелді. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК-ның баспасөз қызметі хабарлайды.

«10 желтоқсан күні сағат 02.00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты  «Алматы-Ташкент» күре жолы (534-593 шақырым аралығы, Айша Бибі ауылынан ОҚО шекарасына дейін) жүк көліктері мен жолаушылар автобустары үшін жабылды», — делінген хабарламада.

Сондай-ақ, «Қазгидромет» РММ-сі атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады, — деп хабарлайды. Соның ішінде Жамбыл облысында тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болып, желдің күші 15-20 м/с жетеді екен.