фото: Шу ауданы әкімдігінен

Тараз. 77news — Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті. Аудан әкімі Нұржан Календеров ел Егемендігінің 29 жылдығымен құттықтап, биылғы жылы ауданда атқарылған ауыз толтырып айтарлық тірліктердің бір парасын атап өтті. Мұнан кейін ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына еңбек сіңіріп, жетістіктерге жетуге жанын салып жүрген әр саланың үздіктерін түрлі дәрежедегі наградалармен марапаттады.

Атап айтар болсақ, ҚР ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденін, ҚР Құрмет грамотасын, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін», «Ерлігі үшін» марапаттарын, «Халық алғысы» мерекелік төсбелгісін, облыс әкімі, аудан әкімінің құрмет грамотасы және алғыс хатын марапат иелеріне Нұржан Сәбитұлы табыстаса, аудандық мәслихат хатшысы Е.Өмірәлиев те Шу ауданының Құрмет грамотасымен марапаттады. Сондай-ақ, облыстық «Үлгілі ауыл» байқауында белсенділік танытқан қонаевтықтарға арнайы диплом мен 2 миллион теңгенің сертификаты табысталды.

фото: Шу ауданы әкімдігінен
фото: Шу ауданы әкімдігінен

Биылғы әлемді жайлаған қатерлі дерт қаншама істерді тұралатса да, төтеп бере алдық, табысты болдық. Санаулы күндерде жыл жаңарып, Тәуелсіз еліміз отыз жасқа қадам басады. Отыздықта да оң өзгерістер орын алып, отыз елдің емес, алдыңғы қатарлы он елдің арасында оқ бойы оза шабайық!