Тараз. 77news — Мемлекеттік бюджет кірістері 10 пайызға өсті, ал бюджетке түскен салық айтарлықтай азайды, деп хабарлайды

День теңге. Со слезами на глазах

Кірістің өсімінің негізгі себебі – трансферттердің түсуі.
2020 жылдың қаңтар-қазан айларында елдің мемлекеттік бюджетіне 11,1 трлн теңге ақша түскен — бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 9,9% көп. Кірістер жоспары 96,7% орындалған. Салыстырмалы түрде, өткен жылдың он айында мемлекеттіе бюджет кірістері 10,1 трлн теңгені құрап, жылына 12,2% өсті.
Бұл ретте, мемлекеттік бюджетке салық түсімі бір жылда 9,7% қысқарып, 6,4 трлн теңгені құраған. Соның ішінде, 2,6 трлн теңге ішкі салық, тауарлар мен қызмет көрсетуге, 2,1 трлн теңге – кіріс салығына, 697,9 млрд теңге – халықаралық сауда және сыртқы операцияларға тиесілі болды. Салықтық емес түсімдер 321,5 млрд теңгеге жетіп, бірден 69,9% өскен. Соның ішінде, 64,5%, немесе 207,3 млрд теңгені мемлекеттік меншік кірістері құраған. Негізгі капиталды сату түсімі 11,3 пайызға, 76,5 млрд теңгеге дейін қысқарған. Ұлттық қордан түскен трансферттер 4,3 трлн теңгеге жетті.
Бұл өткен жылмен салыстырғанда 55,9 пайызға жоғары.