Тараз. 77news — Аудан әкімдігінің мәжіліс залында ауылдық округ әйелдер кеңесінің төрайымдары мен әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнін-дегі комиссия мүшелерінің қатысуымен жиын өтті. Жиынды аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Рахымбаева жүргізді.

Күн  тәртібінде  Шу ауданында Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру бойынша қабылданған шаралар туралы мәселе, сондай-ақ Шу ауданындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету бойынша атқарылған жұмыстар туралы мәселе көтерілді.

Жамбыл облыстық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығының Шу аудандық консультациялық пунктінің маманы И.Тілеубаева орталықтың қызметімен таныстырды. Орталық мамандары психологиялық, физикалық немесе жыныстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсетеді. Сондай-ақ, орталық қандай да бір себептермен жеке басын куәландыратын немесе азаматтығы жоқ азаматтарды да қабылдайды.

Орталық сегіз бағыт бойынша көмек көрсетеді: әлеуметтік қызметтер, әлеуметтік-медициналық қызметтер, әлеуметтік-психологиялық қызметтер, әлеуметтік-педагогикалық қызметтер, әлеуметтік жұмыс қызметі, әлеуметтік-мәдени қызметтер, әлеуметтік-экономикалық қызметтер, әлеуметтік-құқықтық қызметтер.

Сондай-ақ, И.Тілеубаева 2020 жыл ішінде атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Отырыс соңында қатысушылар комиссия мүшелеріне өздерін қызықтырған сұрақтар қойып, оларға толық жауап алды.