фото: Шу ауданы әкімдігі

Тараз. 77news — Жуырда Шу ауданы әкімдігінің мәжіліс залында үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңес отырысы өтті. Оған кеңес мүшелері, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, аудандық үкіметтік емес ұйым жетекшілері, БАҚ өкілдері қатысты.

Іс-шараның төрағасы, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Айнұр Рахымбаева күн тәртібіндегі басты мәселе — әлеуметтік мемлекеттік тапсырыспен көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу конкурсы бойынша атқарылған іс-шаралар туралы атап өтті.

Мұнан кейін сөз алған «Ядролық сынақ мүгедектері мен ардагерлері Жамбыл облысы Шу ауданының ерекше тәуекелді бөлімшелері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Б.Қарғабаев жүйелі жүргізілген жұмыстарын баяндады. Сондай-ақ, «Шу ауданы ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Д. Байбатшаев ауданда 2020 жыл ішінде атқарылған жұмыстарға есеп берді.

Кездесу соңында А. Қамшыбайқызы қоғамдық бірлестіктің мақсаты-азамат пен мемлекет арасындағы дәнекер болу екендігін айтып, әр адамның құқықтары заң жүзінде қорғалу керектігін жеткізді.

фото: Шу ауданы әкімдігі