Тараз. 77 news — Бүгін аудан әкімі Нұржан Календеров Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, ауданның дамуына еңбегі сіңген қария Тұрсын Жетпісбаевтың шаңырағында болды. Қарияға құрмет көрсеткен әкім өңірдегі атқарылған жемісті жұмыстарды атап өтіп, бүгінгі жастардың іскерлігін сөз етті.

«Бүгінгі жас ұрпақ өзіңіздей тұлғаларға еліктеп өсуі керек. Сол арқылы еңбекқорлықты, төзімділікті бойына сіңіреді. Қазыналы қарттарымыз ұлағатты болашағымыздың кепілі. Еліміздегі барлық қарттарымыздың дендері сау, жастары ұзақ болғай», — деді Нұржан Сәбитұлы. Бүгінде жасы сексеннен асқан қария 1956 жылдан бастап жауапты қызметтерді атқарып келген. Аға оқытушы, ауыл шаруашылығы саласында да жемісті қызмет атқарған. 4 қыз бір ұл тәрбиелеп өсірген қария немере-шөберелерінің қызығын көруде.