фото: Шу ауданы әкімдігі

Тараз. 77news — Бүгін аудан әкімі Нұржан Календеров Жаңа жыл мерекесімен құттықтап күйші — композитор, ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Әбдімомын Желдібаевтың шаңырағында болды.

– Сіз ауданның ғана емес, күллі қазақ елінің мақтан тұтар тұлғасысыз. «Ерке сылқым» – елдің қазынасына айналған ерекше музыка, ерен құбылыс. Шу өлкесіне деген махаббатыңыз бен жерлестеріңізге деген құрметіңізді шулықтар жоғары бағалайды. Біз сізбен мақтанамыз, – деді Нұржан Сәбитұлы.

Ал қасиетті домбыраның құдіретімен талай туындыларды туғызған дәулескер күйшінің өзі аудан басшысына алғысын жеткізді. Ол өз сөзінде: шамалы уақыттың ішінде ауданда айтарлықтай жұмыстар атқарылып, әлемді алаңдатқан пандемияға қарамастан өңіріміздегі әлеуметтік көрсеткіштер тың серпінге ие болды. Құттықтап жатқандарыңызға көп рақмет», – деп өз ризашылығын білдірді.