Тараз. 77news — 11 ақпандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Қазақстанның екі облысы «қызыл» аймақта тұр

Елорда «қызыл» аймақтан шықты

Олар Ақмола мен Павлодар. Кеше «қызыл» аймақта болған Нұр-Сұлтан қаласы бүгін «сары» аймаққа шықты. «Сары» аймақта сонымен қатар Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары бар. Қалған өңірлердің бәрі «жасыл» аймақта. Жалпы Қазақстан коронавирустың таралу қаупі жағынан «жасыл» аймақта тұр.
Еске салсақ, бұған дейін бас санитарлық дәрігер Ерлан Қиясовтың карантин шараларын жеңілдету туралы жаңа қаулысы жарияланған болатын. Оған сәйкес «жасыл» аймақтағы өңірлерде мешіттерге жұрттың жиналуына, сонымен қатар мектеп асханаларының жұмысына рұқсат берілді.