Тараз. 77news — Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты ЖД-158/7 мекемесіндегі сотты болғандардың ауыз қуысындағы кариес пен пульпит және басқа да тіс аурулары заманауи қондырғылармен емделеді.

Түзеу мекемесіндегі күлімсіреудің сұлулығын-дәрігер стоматолог Жұмахмет Құрмантайұлы Саркеев бақылайды. Ол түзеу мекемесіндегі алты жыл жұмыс барысында оның кабинеті арқылы  сегіз мыңнан астам сотталған азаматтар ем алғанын айтты. Атап айтқанда, еріннің қызыл шеңберінің, ауыз қуысының, кариес, жылан көз тесіктері, пародонтит және пародонтоз болуын мұқият тексерілуде. Бүгін де аталған мекемеде сотталғандар кезекті медициналық тексеруден өтіп жатыр. Түзеу мекемесінің әкімшілігі сотталғандардың денсаулығын сақтауды қамтамасыз ететін, белгіленген санитарлық-гигиеналық және эпидемияга қарсы талаптардың орындалуы үшін жауапты болады.