Тараз. 77news — Бүгін Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында аудан әкімі Нұржан Календеров биыл 101-ге толып отырған Рахия Дүйсенбаева әжейдің отбасында болып, мерекемен құттықтады. Рахия Дүйсенбаева 1920 жылы Белбасар ауылында дүниеге келген.

Жастайынан еңбекке араласып, талай қиындықты бастан кешірген. Соғыс жылдарында​ әкеден айырылып 1943 жылы жолдасы Құсайынмен тұрмыс құрған. Өмірлік​ серігінен​ ерте ажырап 5 баланы бір өзі аяқтандарыған. ​ ​ Ғасыр жасаған Рахия әже бейнетпен өткен ғұмырының зейнетіне бөленіп, ұрпақтарының алдында бақытты өмір кешіп келеді. Туған жерінде еңбек етіп, ауылдың өркендеуіне өз үлесін қосқан аяулы ана, ардақты әже өмірге әкелген 5 перзентінен 8 немере 16 ​ шөбере сүйіп отыр.

Осылайша немере-шөбересінің қызығына малынып отырған кейуана еліміз аман, жұртымыз тыныш бейбіт өмір осылай жалғаса берсе екен деп тілейді. Ғасыр ғұмыр иесі өтпелі өмірінде талай қиындықты еңсеріп, қазір мәуелі бәйтерек секілді сол ұрпағының ортасында бақытты ғұмыр ғұмыр кешіп отыр. ​ Қарт ана мереке қарсаңында арнайы құттықтай келген азаматтарға ризашылығын білдіріп, елдің тыныштығы мен амандығын тілеп, ақ батасын берді. Ал екінің бірі жүзге жете бермейді. Сондықтан ғасыр жасап, бала-шағасының қызығын көріп отырған аналарымыздың саны арта берсін деп тілейікші…