Тараз. 77news — Солтүстік Қазақстан облысында Ұлттық бірыңғай тестілеудің екінші кезеңі электронды форматта өтіп жатыр. Жаңашылдықты бірінші болып петропавлдық 17 оқушы қолданды

СҚО-да мектеп түлектері ҰБТ-ны алғаш рет электронды түрде тапсырып жатыр

Мамандардың айтуынша, ҰБТ-ны электронды түрде тапсырудың артықшылығы көп. Соның бірі – тестілеуден өтетін уақытты және орынды балалардың өздері таңдайды. Әрі нәтижесін бірден біле алады.
«Оқушылар ҰБТ-ға қатысу үшін онлайн тіркеледі. Егер бұрын тіркелу үшін 5 құжат жинап, арнайы орталыққа алып келіп, сол жерден рұқсатнаманы алатын болса, қазір оның бәрі қашықтан атқарылады. Сондай-ақ бұрын балаларды орталықтарға алып келетін, қазір өздері арнайы компьютер,
бейнекамералармен жарақтандырылған орталықтарға келіп тапсырады.