Тараз. 77news — Бүгін Төле би ауылында салынған екі бірдей спорт алаңшасы пайдалануға берілді. Замануи үлгіде салынған бұл алаңшалардың бірі Асатаұлы көшесінің бойында, енді бірі Аша мөлтек ауданында орналасқан.

Орталық Төле би ауылында 4200 түтін бар. Ауыл балаларына орталықтағы стадионға бару қиынға соғып жатады. Мерекеге тарту ретінде  2 жерден алаңша салынды. Мұнда ойын балаларынан бөлек егде жастағы кісілердің де спортпен айналысуына мүмкіндік мол. Қосымша стрит воркаут алаңшалары салынған. Бірде тырысып, бірде құрысып қалатын денемізді жазуға арналған жақсы дүние болды,-дейді қарт кісілер. Ал, 3000 аса халқы бар Аша мөлтек ауданында салынған спорт алаңшасы тұрғындарды қуантып отыр. Баласы үй маңында доп теуіп жатса ата-ана көңілі де алаңсыз ғой.
Ауданымызда өткен жылдың өзінде дәл осындай үлгідегі 10 спорт алаңшасы салынған . Онда көбіне шалғай елдімекендер қамтылды. Осы жылы Шу қаласында 2, Төле би ауылында 2 нысан ел игілігіне жарап тұр. Сондай-ақ, алдағы уақытта Шоқпар, Ақтөбе ауылдары мен Шу қаласындағы Қант зауыты мөлтек ауданында соңғы үлгідегі спорт алаңшалары салынатын болады.
Біз дені сау, білімді, білекті ұрпақ тәрбиелеуіміз керек. ​ Бұл өңіріміздегі талай таланттың бағын ашып, спорттық бабын шыңдайды деген сенімдеміз.