Тараз. 77news — Атырау облысында жасөспірім суға батып кетті. Оқыс оқиға 25 мамырда Құрманғазы ауданында болған. Бір топ жасөспірім Шарон өзенінің жағасына ойнауға барған. Өзенге шомылған жасөспірімнің бірі судан шықпай қалған

Атырау облысында жасөспірім суға кетті

«Бұл туралы аудандық төтенше жағдайлар бөліміне кешкі сағат 19:45-те хабар түсті. Сүңгуірлер облыс орталығынан шақыртылды. Сүңгуірлер келгенге дейін жергілікті тұрғындар мен балықшылар, полиция мен төтенше жағдайлар бөлімдерінің қызметкерлері іздестіру жүргізді. Түнгі 23:00-де іздеу жұмысы тоқтатылды. Бірақ, суға батқан жасөспірімнің туыстар іздестіруді жалғастырды. Олар 26 мамырда сағат 00:30-да өзенге батып кеткен жасөсспірімнің денесін тапқан» -деді Құрманғазы аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Талғат Сансызбаев.
Белгілі болғандай, суға батқан жасөспірім жақында 7-сыныпты бітірген.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда Жайыққа батқан 8 жастағы бала құтқарылған