Елімізде түрлі сала бойынша мемлекет тарапынан қаржылық қолдау тауып, қайтарымсыз несиеге қолжеткізіп жатқан жастар көп. Т. Рысқұлов ауданының тұрғындары  да игі істен қалыс қалмады. Әсіресе, биыл “Бастау” бағдарламасы аясында ісін ілгерілетіп отырған шаруалар көбейген.  Толығарақ ауданға барып қайткан әріптесім Санат Аралбек айтады.

“Бастау” бағдарламасы аясында мемлекеттен қайтарымсыз қаржы алған жандардың  бірі — Данияр Тойбаев. Атамекент кәсіпкерлер палатасы арқылы 505 мың теңге грант ұтып алып, пластик терезелер мен есіктер шығаруды қолға алған.

Данияр ТОЙБАЕВ  КӘСІПКЕР

Мен Атамекен кәсіпкерлер палатасында Бастау жобасында 505 мың грантқа қатысып үкіметтен Атамекен палатасынан 505 мың тенге ұтып алдым. Сол ұтып алған ақшаға кәсібімді ары қарай дөнгелетудемін, кәсібім пластик терезе есік жасау.

Баспанасын жөндеуден өткізетіндер есік, терезелерін ауыстыратыны белгілі. Ал мезгіліне карай суық не ыстық ауаны өткізбей тұратын пластик бұйымдары. Сол себептен ауылдан кішігірім шеберхана ашуды жөн санадым дейді Данияр. Болашақта шеберханасын кеңейтіп, жұмысшы санын арттыруды көздейді.

Данияр ТОЙБАЕВ  КӘСІПКЕР 

Енді болашақта үлкен қылып цех ашсамба деген ойым бар. Кәсіпті өркендетсем и қәзіргі жасап жатқан апараттарымыз бәрі ручной қолмен, енді болашақта кішкене заманауи дамыған техникамен апарат сатып алсамба деген ойым бар.

Мемлекет ұсынған мүмкіндікті әрбір жас пайдалана алады. Әсіресе ауыл тұрғындары үшін қолайлы жағдайлар көптеп жасалуда. Ал Т. Рысқұлов ауданында дәл осы «Бастау» бағдарламасы арқылы қайтарымсыз грант алғандар бүгінде өз істерін ашып, нәсібін тауып отыр.

С. Аралбек, Ш.Кеңесхан 77 ньюс