77news

Мереке қарсаңында қоныс тойы тойланды. Бүгін мемлекеттік рәміздер күніне орай шаһарда  90 пәтерлі көпқабатты үй пайдаланылуға берілді. Арай-2 шағын ауданында орналасқан екі үйдің тұрғындарына пәтер кілттерін облыс әкімінің өзі салтанатты түрде табыстады. 

77news

Әр мереке қарсаңында жамбылдық жұртшылықты қуанышқа бөлейтін жаңалықтар биыл да өз жалғасын тапты. Бұл жолы құрылысын «Бином» ЖШС-гі жүргізген екі бөлмелі пәтерлерден тұратын баспаналар ел игілігіне берілді. Жаңа қоныс иелерін аймақ басшысы арнайы құттықтап, халықты баспанамен қамту бағытындағы жұмыстар жалғаса беретіндігін атап өтті.

77news

Пәтерлер жетім балалар, мүгедектігі бар азаматтарға, толық емес және аз қамтамасыз етілген отбасылар, сонымен қатар әлеуметтік осал топтың басқа да санаттарындағы азаматтарға берілді. Олардың қатарында Ауған соғысынң ардагері Берік Торғайбеков та бар. 10 жыл бойы кезекте тұрған ол бүгінгі күнді ұзақ күткенін айтады.

Айта кетейік, бүгінгі күні Тараз қаласында 54 көп пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Сол арқылы 3025 отбасын, оның ішінде 1100 әлеуметтік аз қамтылған және көп балалы отбасыларды жеке тұрғын үймен қамту жоспарлануда.

Ұлдана Жұбай,»77news»