фото: жеке дерек көзінен

Тараз.77news — Жамбыл облысында 200 бағыт бойынша 29 тасымалдаушы мекеме бар. Соның ішінде қалалық бағыттарға 575 қоғамдық көлік қызмет көрсетеді. Жұмысын қайта жандандыратын автобустардың барлығы бірден іске қосылмайды. Бірінші кезекте маңызды 16 бағыт бойынша автобустар қатынайды,-деп хабарлайды 77news.kz А.А.

 

 

Ал содан кейін қажеттілікке және талдауға байланысты анықталатын болады. Дегенмен, тасымалдаушы мекемелердің автобустары, техникалық базалары санитарлық талаптарға сәйкес болуы тиіс. Одан бөлек, мекемелердің дайындығы туралы акт те талап етіледі. Сондай-ақ, жүргізушілер мен жолсеріктер жеке қорғаныш құралдарымен, антисептиктермен жабдықталуы тиіс. Қоғамдық көліктердің әр рейс сайын дезинфекция және  күрделі тазалаудан өтуі арнайы жұмысшы тобымен қадағаланатын болады. Айта кетейік, ағымдағы жылы  бюджетті нақтылау кезінде электрондық билеттендіру жүйесін енгізудегі тасымалдаушы мекемелердің шығындарын субсидиялауға 94,8 млн. теңге қарастырылған.  Сол себептен биыл біршама жаңа автобустар сатып алу жоспарлануда. Бүгінгі таңда Тараз қаласының әкімдігі, «Орталық диспетчерлік қызмет» ЖШС және қалалық 10 тасымалдаушы мекеменің 9-мен электрондық билеттендіру жүйесін енгізу бойынша келісім шарт жасады. Қазіргі таңда 10 тасымалдаушы мекеменің 5-і автобус парктерін тұрақты жаңартып келеді.

Перизат Қуатқызы «77news»