Тараз. 77news — Тасын түртсең, тарихы көрінетін көне шаһарда туризм саласы күн санап түрленіп келеді. Себебі шежірелі өлкеге туристерді көптеп тарту үшін ілкімді істер жүйелі түрде атқарылуда. Айталық, бүгін өңірге алматылық инвесторлар арнайы келіп, Тараздың туризм саласын дамытуға бағытталған жұмыстарымен танысты.

Талайды тамсандырған Тараз шаһарының туризмі қайта түлегелі тұр. Өйткені тарихтың сан тағылымы тарқатылған өлкенің туристік әлеуетін арттыру үшін бүгінде бірнеше жарқын жобалар қолға алынған. Аталған саланы табысты дамыту мақсатында бүгін Алматыдан арнайы инвесторлар шақыртылып, Әулеиата туризмінің тың жобалары таныстырылды.

Жыл өткен сайын келбеті келісіп, ажары айқындала түскен Жамбыл жерінің туризмін түрлендіруге бағытталған бастамалар енді тәжірбиелі мамандармен бірге атқарылатын болады. Өйткені облысқа арнайы ат басын бұрып келген инвесторлар көне қаланың туризмін дамытуға дайын екендіктерін жеткізді

Еліміздің туризм саласын түлетуге зор үлес қосып келе жатқан Әулиеата өңірінде енді алматылық инвесторлармен бірлесе отырып ауқымды жобалар іске асырылмақ.