Тараз. 77news — Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бобыржан Момынов (12-0, 8 КО) соңғы жеңісінен кейін Boxrec.com порталының рейтингінде көтерілді. 

Бобиржан Рахимжанович Моминов — Циклопедия

Айта кетсек, Ресейдің Қазан қаласында өткен бокс кешінде Момынов төрешілердің басым дауысымен ресейлік Вагинак Тамразянді (17-8, 5 КО) жеңді. Нәтижесінде Бобыржан BoxRec рейтингінде жартылай орташа салмақта 122-орыннан 67-орынға көтерілген. Бұл жеңіс сондай-ақ, қазақстандық боксшыға IBF Eurasia титулын әкелді.
Сонымен қатар, Қазанда тағы екі қазақстандық боксшы – Арман Рысбек (7-1, 6 КО) пен Дастан Садуұлы (3-1, 3 КО) қатысқан, алайда өз жекпе-жектерінде олар мерзімінен бұрын жеңіліп қалған.