фото: Шу ауданы әкімдігі

Тараз. 77vews — Бүгін Шу аудандық мәдениет үйінде аудандық ардагерлер кеңесінің кезекті жиыны өтті.

фото: Шу ауданы әкімдігі

Аталған шараға облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев арнайы келіп қатысты. Санитарлық талаптар сақталған жиында аудандық ардагерлер кеңесінің 2015-2020 жылдары аралығында атқарылған жұмыстары айтылды. Жиын барысында Аудан әкімі Нұржан Календеров ардагерлер кеңесінің алар орны мен ауқымды жұмыстарын тілге тиек етті. Ардагерлер кеңес төрағасы ретінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына еңбегі сіңген Доктурхан Байбатшаевты ұсынды. Ұсынысты ардагерлер кеңесінің мүшелері қолдап, жаңа төрағаны лайық деп тапты. Айта кету керек, Доктурхан Рысмендіұлы Көктөбе ауылында дүниеге келген. Көктөбе, Бірлік ауылдарында әкім, механик, бас инженер секілді жауапты қызметтерді абыроймен атқарған.

Сондай-ақ, Көктөбе, Балуан Шолақ, Алға, Шоқпар ауылдарының ардагерлер кеңесі төрағалары «Шу ауданының құрметті ардагері» төсбелгісімен марапатталды.